Құпиялылық саясаты
Сайт: fmonline.kz
Жарияланған күні: 20.05.2025
Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі – Саясат) ИП МҰХАМЕДЖАН-ға тиесілі www.fmonline.kz интернет-ресурсының (бұдан әрі – Сайт) пайдаланушыларының жеке деректерін жинау, өңдеу және қорғау тәртібін анықтайды.
Сайтты пайдалана отырып, сіз осы Саясаттың талаптарымен келісесіз.

1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Саясат Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңына, сондай-ақ басқа да қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген.
1.2. Саясаттың мақсаты – пайдаланушылардың Сайт арқылы берген жеке деректерін заңды, әділ және қауіпсіз түрде өңдеуді қамтамасыз ету.

2. Жиналатын деректер
2.1. Біз келесі жеке деректерді жинауымыз мүмкін:
  • Аты-жөні
  • Телефон нөмірі
  • Оқу сыныбы, ҰБТ бойынша таңдау пәндері, дайындық деңгейі
  • Қосымша мәліметтер (қолданушы ерікті түрде ұсынған ақпарат)

2.2. Сондай-ақ, сайтқа кіру кезінде автоматты түрде дербестендірілмеген техникалық деректер жиналуы мүмкін:
  • IP-мекенжай
  • Құрылғы және браузер түрі
  • Cookies файлдары туралы деректер
  • Сайт ішіндегі әрекет және навигациялық статистика
3. Деректерді өңдеу мақсаттары
Пайдаланушылардың дербес деректері келесі мақсаттарда өңделеді:
  • Online курстарға тіркеу және қатысу
  • Пайдаланушыға курс туралы ақпарат беру
  • Ұйымдастырылатын вебинарлар, марафондар, эфирлерге қосу
  • Байланыс орнату (қоңырау шалу, хабарлама жіберу, электрондық хат жіберу)
  • Жарнамалық және ақпараттық материалдар тарату
  • Сайттың жұмыс істеу сапасын арттыру
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттерді орындау
4. Дербес деректерді өңдеу және беру шарттары
4.1. Пайдаланушының дербес деректері автоматтандырылған және автоматтандырылмаған тәсілдермен өңделеді.
4.2. Жиналған деректер үшінші тұлғаларға келесі жағдайларда ғана берілуі мүмкін:
  • Пайдаланушының тікелей келісімімен
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар негізінде
  • Техникалық қызмет көрсетуші ұйымдарға (мысалы, хостинг, пошталық сервистер), тек қызмет көрсету аясында
4.3. Пайдаланушының деректері Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өңделмейді және таратылмайды.

5. Ашық байланыс топтарына қосу
Пайдаланушы Сайттағы арнайы формаларды толтыру арқылы ұйымдастырушылардан вебинарлар, ашық эфирлер, марафондар мен тікелей эфирдегі, online сабақтар аясында WhatsApp немесе Telegram топтарына қосылуға келісім береді.
Мұндай топтарда пайдаланушының аты-жөні мен телефон нөмірі топтағы өзге қатысушыларға көрінуі мүмкін екені ескертіледі және пайдаланушы мұнымен саналы түрде келісетінін растайды.

7. Пайдаланушының құқықтары
Пайдаланушы келесі құқықтарға ие:
  • Өзінің дербес деректері туралы ақпарат сұрауға
  • Деректерді түзетуге немесе толықтыруға
  • Деректерді жоюға немесе олардың өңделуін шектеуге
  • Кез келген уақытта деректерді өңдеуге берген келісімін кері қайтаруға
Өтініштерді байланыс телефондарына қоңырау шалу арқылы немесе WhatsApp желісі арқылы жолдауға болады.

8. Cookies файлдары
Сайт пайдаланушының тәжірибесін жақсарту, аналитика және маркетингтік мақсаттар үшін cookies файлдарын қолданады.
Пайдаланушы өз браузерінің баптаулары арқылы cookies файлдарын бұғаттауға немесе өшіруге құқылы.

9. Саясатқа өзгерістер енгізу
Сайт әкімшілігі осы Саясатқа кез келген уақытта өзгеріс енгізу құқығын өзінде қалдырады. Өзгерістер сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Made on
Tilda