КҮЗГІ CAMP КОНКУРСЫНЫҢ РЕСМИ ШАРТТАРЫ
«КҮЗГІ CAMP» КОНКУРСЫНЫҢ РЕСМИ ШАРТТАРЫ
Құжаттың редакциясы: 6 қазан 2026 жыл
Осы құжат FM ONLINE білім беру орталығы ұйымдастыратын «Күзгі CAMP» білім беру лагері аясындағы конкурстың өткізілу тәртібін, қатысу талаптарын, рейтингтік жүйені, балл есептеу қағидаларын, жеңімпазды анықтау тәртібін, қатысушылардың құқықтары мен кепілдіктерін, жүлделерді табыстау және жеке деректерді өңдеу шарттарын белгілейді.
Конкурс кездейсоқ таңдау қағидаты бойынша өткізілмейді.
Жеңімпаз осы Шарттарда белгіленген академиялық тапсырмаларды, қосымша рейтингтік тапсырмаларды орындау және сабақтарға қатысу нәтижесінде жиналған қорытынды рейтингтік балл бойынша анықталады.

1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Конкурстың және «Күзгі CAMP» лагерінің ұйымдастырушысы:
FM ONLINE білім беру орталығы
ИП «МҰХАМЕДЖАН»
ЖСН/БСН: 931019351252
Заңды мекенжайы: Казахстан, г. Караганда, УЛИЦА СТАЛЕЛИТЕЙНАЯ, дом 1Б
Байланыс телефоны: +7 (747) 260-07-94
E-mail: nurbolat.mukhamejan@gmail.com
Бұдан әрі – «Ұйымдастырушы».


2. «КҮЗГІ CAMP» ТУРАЛЫ
«Күзгі CAMP» – ҰБТ-да математика пәнін таңдаған 10-11 сынып оқушыларына арналған 1 апталық білім беру лагері.
Лагерьдің жалпы мерзімі: 12-18 қазан 2026 жыл.
Негізгі оқу және рейтингтік іс-шаралар 12-17 қазан аралығында өткізіледі.
18 қазан – демалыс күні.
18 қазанда оқу сабақтары, рейтингтік тапсырмалар және қосымша балл жинауға арналған іс-шаралар өткізілмейді.
«Күзгі CAMP» барысында қатысушылар:
  • FM ONLINE оқу материалдарына қолжетімділік алады;
  • бастапқы білім деңгейін анықтайды;
  • мастер-классқа қатысады;
  • практикалық сабақтарға қатысады;
  • конспект және үй жұмыстарын орындайды;
  • кураторлық іс-шаралар мен Quizz-жарыстарға қатысады;
  • апталық тест тапсырады;
  • әлеуметтік желілерге арналған арнайы тапсырмаларды орындай алады;
  • қосымша оқу материалдары мен бонустар ала алады;
  • конкурс рейтингінде балл жинайды.

3. ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
«Күзгі CAMP» және оның аясындағы конкурс:
  • 10–11 сынып оқушыларына;
  • ҰБТ-да математика комбинациясын таңдаған оқушыларға;
  • «Күзгі CAMP»-қа белгіленген тәртіппен тіркелген қатысушыларға арналған.
Конкурсқа қатысу үшін FM ONLINE ақылы курсын сатып алу міндетті емес.
FM ONLINE курсына тіркелуге байланысты 500 рейтингтік балл тек осы Шарттардың 7-бөлімінде белгіленген мерзім мен талаптарға сәйкес беріледі.
Конкурсқа қатысу арқылы қатысушы осы Шарттармен танысқанын және оларды қабылдағанын растайды.
18 жасқа толмаған қатысушыларға қатысты жүлде табыстау немесе заңнамада талап етілетін өзге әрекеттер ата-анасының немесе заңды өкілінің қатысуымен және/немесе келісімімен жүзеге асырылуы мүмкін.

4. «КҮЗГІ CAMP» БАҒДАРЛАМАСЫ
12 қазан
  • FM ONLINE курс материалдарына қолжетімділік алу;
  • FM ONLINE тегін пробный тестін тапсырып, бастапқы деңгейді – «А нүктесін» анықтау;
  • 19:00 – Нұрболат Мұхамеджанмен (Шаринган ағай) мастер-класс.

13 қазан
19:00 – Физика пәнінен практикалық сабақ
Ұстаз: Дарын ағай
Тақырыбы: «Ньютон заңдары»
19:00 – Информатика пәнінен практикалық сабақ
Ұстаз: Айшагүл апай
Тақырыбы: «Санау жүйесі»
Қатысушы өзінің таңдаған пән бағытына сәйкес физика немесе информатика сабағына қатысады.

14 қазан
19:00 – Математика пәнінен практикалық сабақ
Ұстаз: Мейрамбек ағай
Тақырыбы: «Квадрат теңдеулер және күрделі теңдеулер»

15 қазан
  • Quizz-жарыстар;
  • кураторлық сағаттар;
  • оқушылар арасындағы білім беру және жүлделі жарыстар

16 қазан
19:00 – Математикалық сауаттылық бойынша практикалық сабақ
Ұстаз: Расул ағай
Тақырыбы: «Венн диаграммалары және үлкен дәрежелі сандар циклы»
Сонымен қатар қатысушылар:
  • апталық тест тапсырады;
  • бір апта бойы алған білімдерін қорытындылайды.

17 қазан
16:00 – рейтингтік кезеңнің аяқталуы.
Осы уақыттан кейін негізгі рейтингке әсер ететін жаңа тапсырмалар, әлеуметтік желідегі жарияланымдар және курсқа тіркелулер есепке алынбайды.
16:00-19:00 – рейтингті тексеру және қорытындылау кезеңі.
Осы аралықта Ұйымдастырушы мен кураторлар:
  • академиялық тапсырмаларды;
  • сабақтарға қатысуды;
  • үй жұмыстары мен конспекттерді;
  • апталық тестті;
  • курсқа тіркелу деректерін;
  • әлеуметтік желілердегі арнайы тапсырмаларды;
  • жалпы балл есебін тексереді және қорытынды рейтингті қалыптастырады.
19:00 – қорытынды мотивациялық эфир
Эфир барысында:
  • «Күзгі CAMP» қорытындысы шығарылады;
  • қорытынды рейтинг жарияланады;
  • басты жүлде иегері анықталады.
Мотивациялық эфирге қатысу үшін рейтингтік балл берілмейді.

18 қазан
Демалыс күні.
Бұл күні рейтингтік тапсырмалар мен қосымша балл жинауға арналған іс-шаралар өткізілмейді.

5. НЕГІЗГІ РЕЙТИНГ
«Күзгі CAMP» қорытынды рейтингі екі негізгі бөліктен қалыптасады:
1. Академиялық рейтинг – максимум 1120 балл;
2. Әлеуметтік желілерге арналған арнайы видео тапсырмалары – максимум 250 балл.
Қатысушы жинай алатын максималды қорытынды нәтиже:
1120 + 250 = 1370 балл
Негізгі жүлде қорытынды рейтингте ең жоғары нәтиже көрсеткен қатысушыға беріледі.

6. АКАДЕМИЯЛЫҚ РЕЙТИНГ
Қатысушы академиялық бөлім бойынша максимум 1120 балл жинай алады.

№

Тапсырма

Балл

1

«А нүкте» деңгейлік тестіне қатысу

50

2

Мастер-классқа қатысу

100

3

Математика практикалық сабағына қатысу

50

4

Физика немесе информатика практикалық сабағына қатысу

50

5

Математикалық сауаттылық практикалық сабағына қатысу

50

6

Кураторлық сағат / Quizz және өзге кураторлық белсенділік

50

7

Математика бойынша конспект жазып, тапсыру

40

8

Физика немесе информатика бойынша конспект жазып, тапсыру

40

9

Математикалық сауаттылық бойынша конспект жазып, тапсыру

40

10

Математика бойынша үй жұмысын орындау

40

11

Физика немесе информатика бойынша үй жұмысын орындау

40

12

Математикалық сауаттылық бойынша үй жұмысын орындау

40

13

Апталық тест (3 пәннен 10 баллдан)

30

14

Белгіленген мерзімде FM ONLINE курсына тіркелу

500


Максималды академиялық нәтиже – 1120 балл.
Физика бағытын таңдаған қатысушы информатика тапсырмаларын орындауға міндетті емес.
Информатика бағытын таңдаған қатысушы физика тапсырмаларын орындауға міндетті емес.
Физика және информатика академиялық рейтингте бір есептік блок болып саналады.

7. FM ONLINE КУРСЫНА ТІРКЕЛУ ҮШІН 500 БАЛЛ
Осы тармақ бойынша қатысушы максимум 500 балл ала алады.
500 балл алу үшін қатысушы FM ONLINE курсына:
2026 жылғы 1 қазан сағат 00:00-ден бастап 2026 жылғы 17 қазан сағат 16:00-ге дейін
тіркелуі тиіс.
Осы белгіленген мерзім ішінде FM ONLINE курсының қолжетімді пакетіне тіркелген қатысушыға 500 академиялық балл беріледі.
Пакет түрі осы 500 баллды есептеу үшін шешуші фактор болып табылмайды.
12 қазан сағат 00:00-ге дейінгі тіркелулер осы тармақ бойынша балл бермейді.
17 қазан сағат 16:00-ден кейінгі тіркелулер де конкурс рейтингіне 500 балл бермейді.
Бір қатысушы бірнеше пакет сатып алған немесе бірнеше рет тіркелген жағдайда осы тармақ бойынша максималды нәтиже өзгермейді:
500 балл.
Тіркелу күні мен уақыты Ұйымдастырушының CRM, төлем, тіркеу немесе өзге ресми ақпараттық жүйелеріндегі деректер негізінде анықталады.

8. ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ВИДЕО ТАПСЫРМАЛАРЫ – МАКСИМУМ 250 БАЛЛ
Қатысушы қорытынды рейтингке қосымша 250 баллға дейін жинау үшін әлеуметтік желілерде FM ONLINE және «Күзгі CAMP» тақырыптарына қатысты арнайы видео тапсырмаларын орындай алады.
Осы бөлім бойынша жиналатын максималды нәтиже:
250 балл
Видео тапсырмаларын орындау конкурсқа қатысу үшін міндетті емес.
Қатысушы видео тапсырмаларын орындамаса да негізгі конкурсқа қатыса алады, алайда осы бөлім бойынша қосымша балл алмайды.

8.1. Видео тапсырмаларының нақты шарттары
Видео тапсырмаларының:
  • нақты саны;
  • тақырыбы;
  • форматы;
  • ұзақтығы;
  • жарияланатын әлеуметтік желі;
  • әр тапсырма үшін берілетін балл;
  • жариялау мерзімі;
  • қажетті белгілеулер;
  • мәтіндік немесе техникалық талаптары;
  • тапсырманы растау тәсілі
Ұйымдастырушы тарапынан нақтыланады.
Нақты талаптар қатысушыларға тиісті тапсырманы орындау кезеңі басталғанға дейін:
  • лагерьдің ресми топтарында;
  • кураторлар арқылы;
  • немесе Ұйымдастырушының өзге ресми ақпараттық арналары арқылы хабарланады.

8.2. Видео тапсырмаларының ықтимал форматы
Ұйымдастырушы 250 баллдық әлеуметтік желі тапсырмаларын, мысалы:
  • 5 видео × 50 балл;
  • бірнеше түрлі тақырыптағы видео;
  • немесе жалпы көлемі 250 баллдан аспайтын өзге формат бойынша ұйымдастыра алады.
Бұл мысалдар конкурс шарттарын алдын ала шектемейді.
Видео тапсырмаларының нақты саны мен әр тапсырмаға берілетін балл мөлшері қатысушыларға тапсырма басталғанға дейін хабарланады.
Барлық жағдайда осы бөлім бойынша негізгі рейтингке қосылатын максималды нәтиже:
250 баллдан аспайды.

8.3. Видео тақырыптары
Әлеуметтік желілердегі тапсырмалар келесі тақырыптардың бірі немесе бірнешеуі бойынша берілуі мүмкін:
  • FM ONLINE туралы;
  • FM ONLINE ұйымдастырған «Күзгі CAMP» туралы;
  • «ҰБТ-ға FM-мен дайындық» тақырыбы;
  • лагерьдегі сабақтар;
  • қатысушының жеке тәжірибесі;
  • FM ONLINE оқу жүйесі;
  • ҰБТ-ға дайындық процесі;
  • қатысушының оқу прогресі;
  • лагерь барысында алған пайдалы ақпараты.
Нақты тақырып әр видео тапсырмасы жарияланған кезде көрсетіледі.

8.4. Видео тапсырмаларын бағалау
Әр видео тапсырмасының нақты балл көлемі тапсырма басталғанға дейін жарияланады.
Қатысушы тек:
  • белгіленген мерзімде орындалған;
  • тапсырманың мазмұндық талаптарына сәйкес;
  • Ұйымдастырушы тарапынан тексеруге қолжетімді;
  • нақты жарияланғаны расталған
тапсырмалар үшін тиісті балл алады.
Мысалы, егер Ұйымдастырушы 5 видео × 50 балл форматын бекітсе:
  • 1 талапқа сай видео – 50 балл;
  • 2 видео – 100 балл;
  • 3 видео – 150 балл;
  • 4 видео – 200 балл;
  • 5 видео – 250 балл.

8.5. Видеоға қойылатын жалпы талаптар
Жарияланым:
  • белгіленген тақырыпқа сәйкес болуы;
  • қатысушының өзі дайындаған немесе оның қатысуымен жасалған контент болуы;
  • тапсырмада көрсетілген әлеуметтік желіде жариялануы;
  • белгіленген мерзімге дейін жариялануы;
  • тексеру кезінде Ұйымдастырушыға қолжетімді болуы;
  • тапсырманың өзге жарияланған талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Басқа тұлғаның контентін толық көшіріп жариялау талапты орындау болып саналмауы мүмкін.

8.6. Қаралымдар мен әлеуметтік көрсеткіштер
Видеоның:
  • қаралым саны;
  • лайк саны;
  • комментарий саны;
  • репост саны;
  • әлеуметтік желідегі оқырман саны
тек нақты тапсырманың шартында алдын ала бағалау критерийі ретінде көрсетілген жағдайда ғана рейтингтік баллға әсер етеді.
Егер мұндай критерий алдын ала көрсетілмесе, қаралым немесе реакция саны балл есептеуге әсер етпейді.

8.7. Видео тапсырмаларын нақтылау және өзгерту
Ұйымдастырушы тиісті видео тапсырмасы басталғанға дейін оның форматын, тақырыбын және балл есептеу тәртібін анықтауға құқылы.
Тапсырма жарияланып, қатысушылар оны орындауды бастағаннан кейін сол тапсырманың талаптары қатысушылардың бұрын талаптарға сәйкес орындаған әрекеттеріне кері әсер ететіндей түрде өзгертілмейді.
Бұрын талаптарға сәйкес орындалған және расталған видео тапсырмалары бойынша баллдар негізсіз жойылмайды.

9. ҚОРЫТЫНДЫ РЕЙТИНГТІ ЕСЕПТЕУ
Қатысушының негізгі қорытынды нәтижесі:
Академиялық рейтинг + әлеуметтік желілердегі видео тапсырмаларынан жиналған балл
формуласы бойынша анықталады.
Максималды академиялық нәтиже:
1120 балл.
Видео тапсырмалары бойынша максималды нәтиже:
250 балл.
Максималды қорытынды нәтиже:
1370 балл

10. НЕГІЗГІ ЖҮЛДЕ
Қорытынды рейтинг бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен:
TOP-1 қатысушы
негізгі жүлде иегері болып танылады.
Жеңімпаз төмендегі жүлделердің біреуін өз қалауы бойынша таңдай алады:
  • Apple iPhone 18;
  • Apple iPad;
  • Apple MacBook Neo;
  • 500 000 ₸ ақшалай сыйлық.
Жеңімпаз көрсетілген төрт нұсқаның тек біреуін таңдайды.
Техникалық құрылғы таңдалған жағдайда оның нақты түсі, жады көлемі және конфигурациясы жүлдені табыстау кезіндегі қолжетімділікке қарай анықталуы мүмкін.
Егер жеңімпаз таңдаған нақты құрылғы жүлде беру сәтінде қолжетімсіз болса, Ұйымдастырушы жеңімпазбен келісу арқылы қолжетімді конфигурацияны немесе осы Шарттарда көрсетілген өзге жүлде нұсқасын ұсына алады.

11. ҚОСЫМША АҚШАЛАЙ ЖӘНЕ ӨЗГЕ СЫЙЛЫҚТАР
«Күзгі CAMP» барысында Ұйымдастырушы негізгі жүлдеден бөлек:
  • қосымша ақшалай сыйлықтар;
  • quizz-жарыстарға арналған сыйлықтар;
  • оқу белсенділігі үшін сыйлықтар;
  • арнайы білім беру бонустары;
  • басқа қосымша сыйлықтар тағайындауға құқылы.
Егер қосымша сыйлық белгілі бір жеке тапсырма немесе жарыс нәтижесіне байланысты берілетін болса, сол тапсырманың:
  • қатысу талаптары;
  • жүлде түрі немесе мөлшері;
  • бағалау критерийлері;
  • жеңімпазды анықтау тәртібі;
  • өткізу мерзімі
қатысушыларға тиісті белсенділік басталғанға дейін хабарланады.
Қосымша сыйлықтар осы Шарттарда немесе нақты тапсырманың шарттарында өзгеше көрсетілмесе, негізгі 1370 баллдық рейтингке әсер етпейді.

12. 7 КҮНДІК ТЕГІН ОҚУ МҮМКІНДІГІ
«Күзгі CAMP» – бұл жай ғана конкурс немесе бірнеше эфирден тұратын іс-шара емес.
Лагерьге тіркелген қатысушылар FM ONLINE оқу жүйесімен 7 күн бойы тегін білім алады.
Осы кезеңде оқушыларға:
  • FM ONLINE оқу материалдарына қолжетімділік;
  • пәндік практикалық сабақтар;
  • мастер-класс;
  • кураторлық сүйемелдеу;
  • үй жұмыстары мен конспект тапсырмалары;
  • апталық тест;
  • Quizz-жарыстар;
  • қосымша оқу материалдары мен арнайы бонустар ұсынылады.
Яғни қатысушы бір апта бойы FM ONLINE-ның оқу процесін толық форматта көріп, өзінің бастапқы деңгейін анықтап, білімін тексеріп және ҰБТ-ға дайындық жүйесін тәжірибе жүзінде байқап көруге мүмкіндік алады.
Бұл оқу мүмкіндігін ұйымдастыру үшін FM ONLINE тарапынан мұғалімдердің, кураторлардың, оқу платформасының, оқу материалдарының және ұйымдастыру командасының ресурстары жұмсалады.
Соған қарамастан, «Күзгі CAMP» аясындағы 7 күндік оқу қатысушыларға тегін ұсынылады.
7 күндік тегін оқу конкурс жүлдесі болып саналмайды және рейтингтегі орынға байланысты берілмейді. Бұл – «Күзгі CAMP»-қа қатысушылардың барлығына ұсынылатын бағдарламаның негізгі мүмкіндіктерінің бірі.

13. ҚҰПИЯ СӨЗДЕР ЖӘНЕ ҚОСЫМША БОНУСТАР
«Күзгі CAMP» сабақтары, мастер-класстары және эфирлері барысында Ұйымдастырушы арнайы құпия сөздер жариялай алады.
Құпия сөздер қатысушыларға арнайы сыйлықтар немесе білім беру материалдарын беру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Оларға, бірақ олармен шектелмей:
  • формулалар жинағы;
  • есептер жинағы;
  • гранттар бойынша аналитика;
  • ҰБТ бойынша гайдтар;
  • PDF материалдар;
  • чек-листтер;
  • конспекттер;
  • практикалық материалдар;
  • өзге арнайы сыйлықтар кіруі мүмкін.
Ұйымдастырушы:
  • құпия сөздердің санын;
  • олардың жарияланатын уақытын;
  • құпия сөз арқылы берілетін бонус түрін;
  • материалды алу тәртібін анықтауға немесе ұйымдастырушылық қажеттілікке байланысты нақтылауға құқылы.
Егер нақты тапсырмада алдын ала өзгеше көрсетілмесе, құпия сөздер негізгі рейтингке қосымша балл бермейді.

14. ЖЕҢІМПАЗДЫ АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
Жеңімпаз кездейсоқ таңдалмайды.
Негізгі жеңімпаз келесі тәртіп бойынша анықталады:
  1. Әр қатысушының академиялық тапсырмалар бойынша жинаған балдары есептеледі.
  2. Курсқа тіркелу бойынша 500 балл алу талаптарының орындалуы тексеріледі.
  3. Әлеуметтік желілердегі видео тапсырмалары бойынша жиналған балл анықталады.
  4. Академиялық және видео тапсырмаларының балдары қосылады.
  5. Қатысушылар қорытынды балл саны бойынша жоғарыдан төмен қарай рейтингке орналастырылады.
  6. Ең жоғары қорытынды балл жинаған қатысушы TOP-1 және негізгі жүлде иегері болып танылады.

15. БАЛЛДАР ТЕҢ БОЛҒАН ЖАҒДАЙ
Екі немесе одан да көп қатысушы бірдей ең жоғары қорытынды балл жинаған жағдайда жоғары орын FM ONLINE курсына ертерек тіркелген қатысушыға беріледі.
Тіркелу күні мен нақты уақыты:
  • Ұйымдастырушының CRM жүйесі;
  • төлем жүйесі;
  • тіркеу жүйесі;
  • немесе өзге ресми тіркеу деректері арқылы анықталады.
Бұл критерий тең нәтиже көрсеткен барлық қатысушыларға бірдей қолданылады.

16. РЕЙТИНГТІ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
2026 жылғы 17 қазан сағат 16:00-де негізгі рейтингтік кезең аяқталады.
Осы уақыттан кейін негізгі рейтингке әсер ететін:
  • жаңа курс тіркелулері;
  • жаңа видео тапсырмалары;
  • мерзімі 16:00-де аяқталатын өзге рейтингтік әрекеттер есепке алынбайды.
17 қазан сағат 16:00–19:00 аралығында Ұйымдастырушы мен кураторлар:
  • академиялық тапсырмаларды;
  • сабақтарға қатысуды;
  • конспекттерді;
  • үй жұмыстарын;
  • апталық тестті;
  • курсқа тіркелу күні мен уақытын;
  • әлеуметтік желілердегі тапсырмаларды;
  • қорытынды баллдарды тексереді.
Тексеруден кейін қорытынды рейтинг қалыптастырылады.

17. ҚОРЫТЫНДЫ НӘТИЖЕЛЕРДІ ЖАРИЯЛАУ
Конкурстың қорытынды нәтижесі:
2026 жылғы 17 қазан сағат 19:00-де өтетін мотивациялық эфир барысында
жарияланады.
Мотивациялық эфирге қатысу немесе қатыспау қатысушының қорытынды рейтингтік балына әсер етпейді.

18. АРАЛЫҚ РЕЙТИНГ
Қатысушылардың нәтижелері лагерь барысында арнайы рейтингтік кестеде жаңартылып отыруы мүмкін.
Аралық рейтинг түпкілікті нәтиже болып саналмайды.
Қорытынды тексеру кезінде:
  • есептеу қатесі;
  • қайталанған балл;
  • расталмаған тапсырма;
  • техникалық қате анықталған жағдайда Ұйымдастырушы рейтингті объективті деректер негізінде түзетуге құқылы.

19. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН КЕПІЛДІКТЕРІ
Ұйымдастырушы конкурсты осы жарияланған Шарттарға сәйкес өткізуге міндеттенеді.
Барлық қатысушыларға бірдей есептеу және бағалау критерийлері қолданылады.
Ұйымдастырушы:
  • жеңімпазды кездейсоқ немесе субъективті түрде таңдамауға;
  • осы Шарттарда көрсетілген рейтингтік жүйені қолдануға;
  • қатысушы талаптарға сәйкес жинаған және расталған баллдарды негізсіз жоймауға;
  • қорытынды нәтижені объективті және тексерілетін деректер негізінде қалыптастыруға;
  • расталған жеңімпазға жарияланған жүлдені табыстауға міндеттенеді.
Қатысушы:
  • техникалық немесе есептеу қатесі болды деп есептеген жағдайда қайта тексеруді сұрауға;
  • конкурс талаптары бойынша Ұйымдастырушыға сұрақ қоюға құқылы.

20. НӘТИЖЕГЕ ҚАТЫСТЫ ӨТІНІШ БЕРУ
Қатысушы өз нәтижесіне немесе есептелген балдарына қатысты сұрақ туындаған жағдайда Ұйымдастырушының ресми байланыс арналары арқылы өтініш бере алады.
Өтініште:
  • қатысушының аты-жөні;
  • тіркелген телефон нөмірі;
  • тексеруді қажет ететін тапсырма немесе балл;
  • бар болған жағдайда растайтын ақпарат көрсетіледі.
Ұйымдастырушы өтінішті қолда бар техникалық және кураторлық деректермен салыстырып тексереді.
Егер қате расталса, рейтингке тиісті түзету енгізіледі.

21. ЖҮЛДЕНІ ТАБЫСТАУ КЕПІЛДІГІ
Осы Шарттарға сәйкес анықталған және Ұйымдастырушы растаған жеңімпазға тиісті жүлде табысталады.
Жүлдені алу үшін жеңімпаздан:
  • тұлғасын растау;
  • байланыс деректерін растау;
  • конкурс талаптарына сәйкестігін растау;
  • қажет болған жағдайда ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімін ұсыну талап етілуі мүмкін.
Жүлдені алу құқығы үшін жеңімпаздан қосымша конкурс жарнасы алынбайды.
Жүлде жеңімпаз анықталып, қажетті деректер расталғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде беріледі, егер Ұйымдастырушы мен жеңімпаз өзге мерзімді өзара келіспесе.

22. ӘДІЛ ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ
Қатысушыларға:
  • жалған ақпарат беруге;
  • бір адамның бірнеше тұлға ретінде тіркелуіне;
  • өзге қатысушының тапсырмасын иемденуге;
  • әлеуметтік желідегі өзге адамның контентін өз жұмысы ретінде ұсынуға;
  • рейтингтік жүйені техникалық жолмен айналып өтуге;
  • рейтинг нәтижесіне жасанды немесе әділетсіз түрде әсер етуге жол берілмейді.
Бұзушылық объективті деректермен расталған жағдайда Ұйымдастырушы:
  • тиісті тапсырманы есепке алмауға;
  • негізсіз есептелген баллды жоюға;
  • рейтингті қайта есептеуге;
  • елеулі бұзушылық кезінде қатысушыны конкурстан шығаруға құқылы.

23. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАТЕЛЕР
Білім беру платформасында, әлеуметтік желілерде, тіркеу жүйесінде немесе Ұйымдастырушы пайдаланатын өзге техникалық сервистерде ақау болған жағдайда Ұйымдастырушы қолда бар объективті деректер бойынша нәтижені қайта тексеруге құқылы.
Техникалық немесе есептеу қатесі расталған жағдайда рейтингке тиісті түзету енгізіледі.
Техникалық қате қатысушының талаптарға сәйкес бұрын жинаған және расталған баллдарын негізсіз жоюға негіз болмайды.

24. КУРАТОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ
«Күзгі CAMP» қатысушыларына кураторлық қолдау көрсетіледі.
Кураторлар:
  • сабақтардың уақыты туралы хабарлайды;
  • эфир сілтемелерін береді;
  • тапсырмаларды орындау тәртібін түсіндіреді;
  • қатысушының академиялық белсенділігін қадағалайды;
  • әлеуметтік желілердегі тапсырмалардың талаптарын жеткізеді;
  • рейтингтік деректерді тексеруге қатысады;
  • ұйымдастырушылық мәселелер бойынша қатысушымен байланысады.
Осы мақсатта қатысушы тіркелу кезінде көрсеткен қажетті ақпарат Ұйымдастырушының жауапты кураторларына берілуі мүмкін.

25. ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ
«Күзгі CAMP»-қа тіркелу және конкурсқа қатысу барысында Ұйымдастырушы конкурс пен білім беру процесін ұйымдастыруға қажетті деректерді өңдей алады.
Оларға:
  • аты-жөні;
  • телефон нөмірі;
  • сыныбы;
  • таңдаған пәндері;
  • курсқа тіркелу күні мен уақыты;
  • сатып алынған пакет туралы ақпарат;
  • сабақтарға қатысу деректері;
  • тапсырма нәтижелері;
  • рейтингтік баллдар;
  • әлеуметтік желідегі аккаунт немесе конкурс тапсырмасына қатысты жарияланым деректері кіруі мүмкін.
Бұл деректер:
  • қатысушыны тіркеу;
  • қатысушымен байланысу;
  • кураторлық сүйемелдеу;
  • тапсырмаларды тексеру;
  • баллдарды есептеу;
  • рейтинг жүргізу;
  • жеңімпазды анықтау;
  • жүлдені табыстау мақсатында пайдаланылады.
Жеке деректерді өңдеудің толық тәртібі сайттағы жеке «Құпиялылық саясатында» көрсетіледі.

26. INSTAGRAM, META, TIKTOK ЖӘНЕ ӨЗГЕ ПЛАТФОРМАЛАР ТУРАЛЫ
«Күзгі CAMP» және оның аясындағы конкурс FM ONLINE / ИП «МҰХАМЕДЖАН» тарапынан дербес ұйымдастырылады.
Instagram және Meta Platforms, Inc. осы конкурстың ұйымдастырушысы немесе жүлде ұсынушысы болып табылмайды.
TikTok және оның аффилиирленген компаниялары осы конкурстың ұйымдастырушысы немесе жүлде ұсынушысы болып табылмайды.
Қатысушы контент жариялайтын өзге әлеуметтік желілер де, егер нақты өзгеше көрсетілмесе, конкурстың ұйымдастырушысы немесе жүлде ұсынушысы болып табылмайды.

27. ШАРТТАРДЫ НАҚТЫЛАУ ЖӘНЕ ӨЗГЕРТУ
Ұйымдастырушы техникалық немесе ұйымдастырушылық қажеттілік туындаған жағдайда конкурстың жекелеген техникалық және ұйымдастырушылық параметрлерін нақтылауға құқылы.
Алайда мұндай өзгерістер:
  • қатысушылар талаптарға сәйкес бұрын жинаған және расталған баллдарды негізсіз жоюға;
  • тапсырма орындалғаннан кейін оның бағалау критерийін қатысушыға кері әсер ететіндей өзгертуге;
  • конкурс аяқталғаннан кейін жеңімпазды анықтау қағидаларын кері күшпен өзгертуге;
  • жеңімпазды субъективті түрде таңдауға негіз бола алмайды.
Маңызды өзгерістер қатысушыларға Ұйымдастырушының ресми ақпараттық арналары арқылы хабарланады.

28. ФОРС-МАЖОР
Ұйымдастырушыға тәуелсіз төтенше жағдайлар, интернет немесе техникалық платформалардың ұзақ мерзімді ақауы, мемлекеттік органдардың талаптары немесе өзге еңсерілмейтін жағдайлар туындаған кезде конкурс кестесіне объективті қажетті өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Мұндай жағдайда қатысушыларға тиісті ақпарат Ұйымдастырушының ресми байланыс арналары арқылы хабарланады.

29. ШАРТТАРМЕН КЕЛІСУ
«Күзгі CAMP»-қа тіркелу және конкурсқа қатысу қатысушының:
  • осы Шарттармен танысқанын;
  • конкурс механикасын түсінгенін;
  • балл есептеу тәртібін қабылдағанын;
  • жеңімпазды анықтау қағидаларымен танысқанын
білдіреді.
Осы Шарттар конкурс басталғанға дейін және конкурс өткізу кезеңінде Ұйымдастырушының ресми сайтында ашық қолжетімді болады.

30. БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
FM ONLINE білім беру орталығы
ИП «МҰХАМЕДЖАН»
ЖСН/БСН: 931019351252
Заңды мекенжайы: Казахстан, г. Караганда, УЛИЦА СТАЛЕЛИТЕЙНАЯ, дом 1Б
Байланыс телефоны: +7 (747) 260-07-94
E-mail: nurbolat.mukhamejan@gmail.com
Құжаттың редакциясы: 6 қазан 2026 жыл.
Made on
Tilda